«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өте маңызды бастама деп есептеймін.
Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы, көшелер мен қоғамдық орындардың күтімі әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан мұндай акциялар тұрғындарды табиғатты аялауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.
Менің ойымша, тазалық жұмыстары тек көше сыпыру немесе қоқыс жинаумен шектелмеуі керек. Бұл – адамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін, қоғамда жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыратын маңызды қадам. Акция барысында тұрғындардың, жастардың, еріктілердің және түрлі мекеме қызметкерлерінің бірлесіп еңбек етуі қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайтады. Әсіресе жас ұрпақ үлкендердің өнегесін көріп өссе, табиғатты қорғау мәдениеті олардың бойында ерте қалыптасады.
«Таза Қазақстан» акциясы әр азаматқа «Туған жердің тазалығы өзіңнен басталады» деген қағиданы түсіндіреді. Егер әркім өз ауласын, көшесін таза ұстап, табиғатқа жанашырлық танытса, қоршаған ортаның жағдайы айтарлықтай жақсарар еді. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын және еліміздің әрбір тұрғынын тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамын. Өйткені таза қоршаған орта – дені сау қоғамның, жарқын болашақтың кепілі.
Ақылбек Едігеев
Аудандық "Мансап" орталығының басшысы


