«Таза Қазақстан» акциясының ең басты мақсаты – адамдардың ой-санасын өзгерту. Тазалық тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек.
Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, ағаштарды қорғау – мұның бәрі үлкен әрекеттен басталатын кішкентай қадамдар. Егер әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, онда бүкіл елдің экологиялық жағдайы жақсарады.
Бүгінгі жастардың экологияға деген көзқарасы өте маңызды. Өйткені болашақ солардың қолында. Сондықтан мектептерде, қоғамдық орындарда экологиялық тәрбие күшейтіліп, осындай акциялар жиі ұйымдастырылуы қажет.
«Таза Қазақстан» – бұл тек науқан емес, бұл өмір салты. Әрбір азамат табиғатты құрметтеп, оны сақтауға үлес қосқанда ғана еліміз шын мәнінде таза әрі көркем болмақ.
Жаннұр Андирова



