Экологиялық мәдениет – болашаққа бастар жол

Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруда ерекше рөл атқарады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз – адамның табиғатқа ұқыпты қарауы, қоршаған ортаны қорғауға саналы түрде атсалысуы. Мұндай қасиеттер отбасы мен білім беру ұйымдарында қалыптасады.
        Акция барысында өткізілетін сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары және экологиялық сабақтар жастардың табиғатты аялауға деген көзқарасын нығайтады. Егер әрбір адам қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түседі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – тек бір реттік шара емес, болашақ ұрпақ үшін маңызды тәрбие

                                                 Әсет Қаламғалиев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT