«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды жоба деп есептеймін.
Таза көше, таза аула, таза табиғат – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Меніңше, акцияның басты артықшылығы – адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыра білуінде. Дегенмен тазалық жұмыстары тек акция кезінде ғана емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы керек.
Әр азамат өзінен бастап, табиғатқа жанашырлық танытса, еліміздің экологиялық ахуалы да жақсара түсер еді. Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ісіміз бен мәдениетімізден басталады.
Гүлмира Сәнкебаева
Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі


