Еңбекке құрмет – ел дамуының кепілі

Жыл сайын атап өтілетін Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген ерекше құрмет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының қоғамдағы рөлін үнемі атап өтіп, кез келген мамандықтың қадірлі екенін жастардың санасына сіңіру қажеттігін айтып келеді.

Расында да, елдің өркендеуі мен өндірістің дамуы ең алдымен өз ісіне адал, кәсіби білікті мамандардың еңбегіне байланысты.

    Жеңіл өнеркәсіп – халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды сала. Бұл салада еңбек ететін мамандардың шеберлігі мен жауапкершілігі өнім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан олардың еңбегін бағалау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

Мейрамбек Байсеңгіров, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT