Қоғамда адам өмірін сақтап қалудың маңызды жолдарының бірі – қан донорлығы. Донорлық тек медициналық көмек қана емес, ол азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі болып табылады. Сондықтан елімізде ерікті қан тапсыруды дамытуға бағытталған шаралардың маңызы зор.
Биыл Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған «Донор болыңыз және үміт сыйлаңыз» атты ұлттық науқан халықтың донорлыққа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті. Бір айдың ішінде шамамен 18 мың азаматтың ерікті түрде қан тапсыруға ниет білдіруі – қоғамдағы қайырымдылық пен өзара көмек мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш адамдардың өзгелердің өміріне бейжай қарамайтынын аңғартады.
Иә, елімізде донорлық қозғалыс тұрақты дамып келеді. Жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 80 мыңнан астам пациенттің өмірін сақтауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштер еліміздегі адамдардың мейірімділігі мен жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



