Әділетті және заманауи Қазақстанның негізі

Елімізде жаңа Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2026 жылғы 21 қаңтарда құрылған Конституциялық комиссия осы маңызды тарихи міндетті жүзеге асыруға кірісті.

Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, аймақтық қоғамдық кеңес өкілдері және ғылыми-сарапшылық қауымдастық мүшелері енді. Жалпы саны 130 адамнан тұратын бұл комиссия Қазақстан қоғамының барлық әлеуметтік топтары мен өңірлерін қамтыды.

      Конституциялық комиссия құрамының кең әрі көп салалы болуы жаңа Ата заңның халықтың пікірін ескере отырып дайындалып жатқанын көрсетеді. Әсіресе адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі басымдық ретінде айқындалуы – құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Бұл елімізде әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. 


      Айдос Нұрмұхамедов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT