Әділетті қоғамның тірегі – заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп – кез келген өркениетті мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі. Қоғамдағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық заңның үстемдігіне және азаматтардың құқықтық мәдениетіне байланысты. Әр адам заңды сақтауды өзінен бастауы тиіс. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің көрінісі. Осындай қарапайым қағидаларды ұстану қоғамдағы өзара сыйластық пен сенімді нығайтады. Заң бәріне ортақ. Оны құрметтеу – елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және әділетті қоғамның қалыптасуына қосылған маңызды үлес. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың абыройлы міндеті.

Шапағат Тілекқабылов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT