ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заң бәріне бірдей қызмет еткен жағдайда ғана қоғамда әділдік салтанат құрады.

Сондықтан заң мен тәртіп мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді. Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, олардың жетістігінің негізінде заңға деген құрмет жатқанын көреміз. Азаматтар заң талаптарын бұлжытпай орындап, қоғамдық жауапкершілікті жоғары қояды. Соның нәтижесінде тұрақтылық пен сенім қалыптасады. 
    Біздің қоғам үшін де бұл қағидаттың маңызы зор. Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі. Өйткені заңды құрметтейтін ұрпақ қана елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарай алады. Заң мен тәртіп – жай ғана ұғым емес. Ол әр азаматтың қауіпсіздігіне, елдің тұрақтылығына және мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететін маңызды құндылық. Сондықтан заңды сақтау мен тәртіпті нығайту ісіне қоғам болып атсалысуымыз қажет.

Светлана Қайырханова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT