«Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздің дамуы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі.
Әрбір адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтеуі керек. Қоғамда заң талаптары орындалып, әр азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, көптеген келеңсіздіктердің алдын алуға болады.
Бүгінде жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік және тәртіптілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызы зор. Отбасында, білім беру орындарында және қоғамдық ортада заңға құрметпен қарау мәдениетін дамытуымыз қажет. Себебі тәртіпті қоғам қалыптастыру әр адамның саналы әрекетінен басталады.
Заң бәріне ортақ болуы тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтап, әділдік пен жауапкершілікті басты орынға қойса, елімізде сенім мен тұрақтылық нығая түседі. Заңды құрметтеу – әр азаматтың парызы, ал тәртіп сақтау – ортақ міндетіміз!
Балнұр Амангелді




