Әділетті Қазақстанға бастар институционалдық серпіліс

Мен үшін жаңа Конституцияның басты артықшылығы – оның ашық әрі жария түрде талқылануы. Комиссия отырыстарының тікелей эфирде көрсетілуі, аралық нұсқаның халыққа ұсынылуы – билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтты.

Конституциялық деңгейде «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» қағидаттарының бекітілуі – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды шешім. Сонымен қатар, Вице-Президент институтының және Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын арттырады. Ең бастысы – жаңа Ата заң Қазақстанның Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығын мызғымас құндылық ретінде бекітеді. Бұл – ел болашағына сенімнің берік негізі. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдум – тарихи таңдау. Мен жаңа Конституцияны қолдаймын, өйткені ол еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық іргетас қалайды.
                                Азамат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT