Әділетке апарар жол күнделікті таңдаудан басталады


     Құқықтық мемлекет туралы айтқанда, көбіне үлкен реформаларды немесе маңызды заңдарды елестетеміз. Алайда әділеттің іргетасы күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден қаланады. Заңды сақтау тек қылмыс жасамаумен шектелмейді. Ол – адал еңбек ету, салықты уақытында төлеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің еңбегі мен құқығына құрметпен қарау. Осындай қарапайым қағидалар қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бүгінде заң мен тәртіп тақырыбы бұрынғыдан да өзекті. Себебі экономикалық даму, инвестициялық тартымдылық, қоғамдық қауіпсіздік – барлығы құқықтық тәртіптің деңгейіне байланысты. Заң бәріне бірдей қолданылғанда ғана адамдар мемлекетке сенеді. Әділет – тек сот залында қабылданатын шешім емес. Ол адамның күнделікті өмірдегі ұстанымынан басталады. Егер әркім өз әрекетінің қоғамға әсерін түсіне білсе, құқық бұзушылықтың алдын алуға заңнан бұрын азаматтық сана ықпал етеді.
                           Райымбек Жұмағалиев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT