Әділдік – мемлекеттің басты қағидасы

Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына тосқауыл болатын, мемлекет пен халықтың арасындағы сенімге нұқсан келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол әділдік қағидатын әлсіретіп, адал еңбек пен заңға құрметтің құнын төмендетеді.

Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен үлес қосады. Бұл бағытта тек мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес, қоғамның белсенді ұстанымы, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен адалдық қағидаттарын берік ұстануы да аса маңызды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Адалдық пен әділдікті өмірлік ұстанымға айналдыру арқылы ғана біз заң үстемдігі орныққан, дамыған әрі өркениетті қоғам құра аламыз.

Нұрдәулет Ақназаров

 Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT