Пара беру – қоғамның дамуына кедергі келтіретін және әділдік қағидаттарын бұзатын құқық бұзушылықтардың бірі. Кейбір адамдар мәселені тез шешудің жолы ретінде пара беруге тырысқанымен, бұл әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ұмытпау керек.
Менің ойымша, пара беру де, пара алу да қоғамға бірдей зиян келтіреді. Өйткені мұндай әрекеттер заңға деген сенімді әлсіретіп, адал еңбек пен әділ бәсекенің құнын төмендетеді. Егер әр азамат өз мәселесін заңды жолмен шешуге ұмтылса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де азаяр еді.
Заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Пара беруден бас тарту арқылы біз әділ қоғам құруға өз үлесімізді қоса аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі болуы тиіс.
Асқар Төремұратов
Жем ауылдық округі бастауыш ұйымының төрағасы


