Темекі шегу – адам денсаулығына зор қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі. Көптеген адамдар темекінің ағзаға тигізетін зиянын білсе де, одан толықтай бас тарта алмай жатады. Темекі құрамындағы улы заттар өкпе, жүрек және қан тамырлары ауруларының пайда болуына себеп болады.
Сонымен қатар, темекі шегушінің жанында жүрген адамдар да оның зиянын тартады. Сондықтан бұл мәселе тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның денсаулығына қатысты маңызды мәселе болып саналады.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту өте маңызды. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс. Денсаулық адамға берілген ең үлкен байлық, ал оны сақтау әркімнің өз қолында.
Данияр Жамалов



