Денсаулық – ең қымбат құндылық

Темекі шегу – адам ағзасына айтарлықтай зиян келтіретін ең қауіпті әдеттердің бірі. Оның құрамындағы улы химиялық заттар тыныс алу жүйесін зақымдап қана қоймай, жүрек-қан тамырлары ауруларының, онкологиялық дерттердің және басқа да созылмалы сырқаттардың пайда болу қаупін арттырады. Темекінің зияны тек оны тұтынатын адаммен шектелмейді. Темекі түтінін жұтатын айналасындағы адамдардың, әсіресе балалардың денсаулығына да кері әсер етеді.

Сондықтан қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында темекінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу аса маңызды. Денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерден саналы түрде бас тартып, белсенді әрі дұрыс өмір салтын таңдау – әр азаматтың өзіне және жақындарына деген жауапкершілігінің көрінісі. Себебі денсаулық – адамның ең асыл байлығы, оны сақтау мен нығайту әркімнің өз қолында.

Лаура Сисенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT