Бұзақылыққа қоғам болып тосқауыл қояйық

Бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзып, адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағымсыз әрекет.

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кейде жастар арасында да кездесіп жатады. Қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасау, өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе азаматтардың мазасын алу қоғамдағы мәдениет пен жауапкершіліктің төмендігін көрсетеді.

Менің ойымша, бұзақылыққа қарсы күрес ең алдымен отбасы тәрбиесінен басталады. Әрбір ата-ана баласына үлкенді сыйлауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды және заңды құрметтеуді үйретуі қажет. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстары да маңызды рөл атқарады.

Заң мен тәртіп үстемдік құрған қоғамда әр азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы керек. Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полицияның ғана емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті. Сонда ғана қауіпсіз әрі мәдениетті қоғам қалыптастыра аламыз.


                   Қуаныш Шалабаев 

Робототехника және "Зымыран үлгілеу" үйірмелерінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT