Буллингтің алдын алу ортақ міндет

Буллинг – балалар мен жасөспірімдердің психологиялық жай-күйіне теріс әсер ететін күрделі мәселе. Оған қарсы күрес тек білім беру ұйымдарының ғана емес, ата-аналардың, қоғамның және әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Балалардың бір-біріне құрметпен қарап, мейірімділік пен сыйластықты бойына сіңіруі – қауіпсіз орта қалыптастырудың басты кепілі. Буллингтің алдын алуға бағытталған кездесулер мен түсіндіру жұмыстары өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, олардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

Галия Каражанова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT