Буллинг – қоғамда алаңдаушылық тудыратын мәселелердің бірі.
Әсіресе, мектеп жасындағы балалар арасында бірін-бірі кемсіту, мазақ ету, қорқыту сияқты әрекеттердің алдын алу маңызды. Әр бала өзін қауіпсіз сезініп, білім алуға және өз ойын еркін жеткізуге құқылы. Сондықтан балаларға кішкентай кезінен өзгені құрметтеуді, дөрекілікке жол бермеуді үйрету қажет. Егер буллингке тап болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, бұл туралы мұғалімге, ата-анаға не сенімді ересек адамға айту керек. Қорлау мен кемсітуге үнсіз қалмай, бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет.
Ә.Қалижанова




