Соңғы жылдары өзін брокер ретінде таныстырып, азаматтарға жоғары табыс уәде ететін алаяқтар көбейіп келеді. Олар қысқа уақыт ішінде көп пайда табуды ұсынып, адамдардың қаражатын иемденуге тырысады.
Кез келген инвестициялық ұсынысқа сақтықпен қарап, компанияның заңды түрде тіркелгенін және лицензиясының бар-жоғын тексеру қажет. Қаржылық шешім қабылдар алдында ақпараттың шынайылығына көз жеткізген жөн.
Қаржылық сауаттылық пен сақтық – алаяқтардың арбауына түсуден қорғайтын басты құрал.
Жасұлан Мамаев



