Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Аң-құстарды заңсыз аулау табиғи тепе-теңдікке кері әсер етеді. Сондықтан браконьерліктің алдын алу және табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор деп ойлаймын.
Әр азамат табиғатқа жанашырлықпен қарап, заң талаптарын сақтауы қажет. Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілік.
Ерлан Қайратұлы, аудан тұрғыны



