Болашаққа деген сенім

Бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бір-бірін толықтырып тұр.

Кез келген үлкен тәртіп пен тазалық әр адамның өз ауласынан, көшесінен және күнделікті әдетінен бастау алады. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу, қоқыс тастамау және экологиялық заңдарды сақтау — әрбір азаматтың тікелей міндеті. Тазалық пен заңдылық үстемдік құрған мемлекетте өмір сүру сапасы артып, халықаралық деңгейдегі беделі де биіктей түседі. Еліміздің қауіпсіз әрі көркем аймаққа айналуы үшін жастар арасында құқықтық тәрбие беру жұмыстарын үздіксіз жүргізу қажет. Тәртіпке бағынған құқықтық қоғамда азаматтардың мемлекетке және болашаққа деген сенімі нығая береді.

І.Әмір

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT