Менің ойымша, конституциялық референдум – ел дамуы үшін маңызды қадамдардың бірі. Сол себептен де мұндай маңызды мәселені халықтың өз таңдауы арқылы шешу – дұрыс шешім деп санаймын.
Бүгінде елімізде түрлі реформалар жүзеге асырылып жатыр. Сол өзгерістердің барлығы елдің тұрақтылығы мен дамуына бағытталған деп ойлаймын. Ал конституциялық референдум – сол реформалардың маңызды бөлігі. Сондықтан әр азамат бұл мәселеге бейжай қарамай, өз таңдауын жасау арқылы ел дамуына үлес қосуы тиіс.
Меніңше, мемлекетіміздің болашағы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымызды білдіру – әрқайсымыздың парызымыз.
Қала тұрғыны
Орынбек Шаңғабаев


