Есірткі — адам өміріне ғана емес, қоғам болашағына да үлкен қауіп төндіретін кесел.
Менің ойымша, оған қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бұл — бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе жастардың саналы болып, зиянды әдеттерден аулақ жүруі өте маңызды. Себебі есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, өмірін, отбасын және болашағын құртады.
Сондықтан заң мен тәртіпті сақтап, салауатты өмір салтын насихаттау — әр азаматтың міндеті.
Дана Баймағамбетова
Жастар ресурстық орталығының басшысы


