Бірлікпен атқарылған игі іс

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері қоршаған ортаға деген көзқарасымыздың өзгеруіне оң әсерін тигізіп келеді деп ойлаймын.

Бұрын тазалық мәселесі көбіне коммуналдық қызметтердің міндеті ретінде қабылданса, бүгінде әр азаматтың туған жерінің тазалығына жауапты екені кеңінен насихатталуда. Бұл бастама адамдардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамның ортақ іске жұмылуына ықпал етуде.

 Өзім бұл акцияның маңызын күнделікті өмірде анық байқап жүрмін. Қала мен ауыл көшелерінің тазалануы, саябақтар мен қоғамдық орындардың ретке келтірілуі, ағаш көшеттерінің отырғызылуы тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жастардың, еріктілердің және түрлі ұйым өкілдерінің белсенді қатысуы қуантады. Өйткені табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау мәдениеті жас буынның бойына осындай шаралар арқылы сіңеді.

«Таза Қазақстан» акциясының тағы бір ерекшелігі – оның тек бір реттік сенбілік емес, ұзақ мерзімді қоғамдық қозғалысқа айналып келе жатқандығында. Тазалық сақтау тек белгілі бір күндері емес, әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Көшеге қоқыс тастамау, ауланы таза ұстау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаның жақсаруына үлкен үлес қосады.Туған жердің тазалығы – әр азаматтың мәдениеті мен жанашырлығының айнасы. Сондықтан бұл бастамаға қолдау білдіру – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз деп есептеймін.

             Еркебұлан Қаржаубаев
                              
     Құлсары қаласы әкім аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT