Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституцияға енгізілген өзгерістер – елдегі жалпыұлттық бірлік пен реформаларға деген кең қолдаудың нақты көрінісі.
Президент бұл тарихи кезеңді мемлекеттілік жылнамасын жазатын жауапты сәт ретінде бағалап, референдумға белсенді қатысқан азаматтарға, әсіресе жастарға ерекше алғыс білдірді. Мен бұл пікірді толық қолдаймын. Шынында да, референдум – әр азаматқа ел дамуының бағытын айқындауға берілген сирек мүмкіндік.
Халықтың белсенділігі мен бірлігі Қазақстанның болашағына деген сенімді арттыра түсті деп ойлаймын. Әсіресе, жастардың атсалысуы – ел ертеңінің жарқын болатынына дәлел. Сондықтан мұндай маңызды сәтте әр азаматтың үн қосуы – тек құқық емес, үлкен жауапкершілік. Бұл – ортақ болашағымыз үшін жасалған маңызды әрі тарихи қадам.
Жылыой аудандық орталық ауруханасы фтизиатрия бөлімше меңгерушісі
Ақбөбек Сәттіғұлқызы


