«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ұйымдар мен мекемелер, еріктілер және тұрғындар бірігіп, айналаны қоқыстан тазарту, ағаштарды күтіп-баптау және қоғамдық орындарды ретке келтіру ісіне белсенді атсалысуда. Мұндай игі шаралар туған өлкеге деген жанашырлықты арттырып, келешек ұрпаққа таза әрі көрікті қоршаған орта қалдыруға мүмкіндік береді.
Нұрдәулет Әбдірахманов



