Меніңше, қазіргі заманда адамның әлеуметтік желідегі аккаунты – жай ғана парақша емес.
Оның ішінде жеке хаттары, суреттері, байланыстары, кейде тіпті маңызды құжаттары мен жеке мәліметтері сақталады. Сондықтан бөтен адамның аккаунтына рұқсатсыз кіруді «жай ғана әзіл» немесе «қызығушылық» деп қабылдауға болмайды.
Біреудің аккаунтын заңсыз пайдалану – адамның жеке кеңістігіне қол сұғумен тең. Оның атынан хабарлама жазу, ақпарат тарату немесе парақшасындағы мәліметтерді пайдалану басқа адамдарды да адастыруы мүмкін.
Сондықтан әр адам өзгенің жеке кеңістігіне құрметпен қарап, интернетті де заң мен тәртіп сақталатын орта ретінде қабылдауы керек деп ойлаймын.
Нұргүл Нұрланқызы
Белсінді өмір сүру орталығының психологы




