Заң – қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің тірегі. Оны сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Өкінішке қарай, кейбір адамдар заң бұзудың салдарын бірден сезіне бермейді. Алайда кез келген құқыққа қайшы әрекеттің соңы жауапкершілікке, өкінішке және орны толмас шығынға әкелуі мүмкін.
Менің ойымша, заңды құрметтеу – жазадан қорқу емес, өзіңді және өзгелерді құрметтеу. Заң үстемдік құрған жерде ғана қоғамдық тәртіп сақталып, адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, құқықтық мәдениетін қалыптастыруы қажет.
Әсіресе жастарға заң талаптарын түсіндірудің маңызы зор. Себебі құқықтық сауаттылық адамды қателік жасаудан сақтайды. Отбасындағы тәрбие, мектептегі білім және қоғамдағы дұрыс құндылықтар жастардың заңға құрметпен қарауына ықпал етеді.
Ақылбек Едігеев
Мансап» орталығының басшысы



