Бір ауыз сөздің салмағы

Менің ойымша, адамның ар-намысына тіл тигізу — қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне кері әсер ететін әрекеттердің бірі.

Әр адамның өз қадір-қасиеті, абыройы және жеке шекарасы бар. Сондықтан басқа адамды қорлау, кемсіту немесе оның намысына тиетін сөздер айтуға ешкімнің құқығы жоқ.

 Кейде адамдар ашу үстінде айтылған сөздің салдарын маңызды деп санамауы мүмкін. Алайда бір ауыз ауыр сөз адамның көңіліне тиіп, оның өзіне деген сеніміне әсер етуі ықтимал. Әсіресе көпшілік алдында немесе әлеуметтік желіде адамның абыройын түсіретін сөздер айту жағдайды одан әрі күрделендіреді. Себебі интернеттегі ақпарат тез таралып, оны кейін толық жою әрдайым мүмкін бола бермейді.

Мен үшін өзгенің ар-намысын құрметтеу — адамның өз мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Қоғамда әр адам бір-біріне құрметпен қарап, мәселелерді қорлау арқылы емес, ашық диалог пен өзара түсіністік арқылы шешуге ұмтылғаны жөн. Заң талаптарын сақтау ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста адамдық қадір-қасиетті бағалау да маңызды.

 

                                                 Еркебұлан Қаржаубаев

                                 Қала әкімі аппаратының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT