Бір адамның ісі – көпке үлгі

 «Таза Қазақстан» акциясының жақсы жағы – адамдарға тазалықтың маңызын тағы бір еске салғаны.

Сенбілікке қатысып, көшені немесе ауланы тазалаған кезде, өзің де айналаңа басқаша қарай бастайды екенсің. Бұрын мән бермей өтетін қоқысқа да көңіл бөлесің.

 Бірақ менің ойымша, бір күн тазалап, келесі күні қайтадан қоқыс тастай берсек, акцияның пайдасы аз. Тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті әдетке айналдыру керек. Мысалы, қоқысты жерге тастамау, өз аулаңды таза ұстау, табиғатқа зиян келтірмеу – үлкен нәрсе емес, бірақ нәтижесі бар қарапайым әрекеттер.

 Жеке өзім «Таза Қазақстанды» дұрыс бастама деп санаймын. Себебі таза орта адамның көңіл-күйіне де әсер етеді. Қаламыздың таза болғанын бәріміз қалаймыз, сондықтан оны біреуден күтпей, әр адам өзінен бастағаны дұрыс деп ойлаймын.

                                                                Есен Темірбаев

                                             

Қалалық әкімдіктің бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT