Қоршаған ортаның тазалығы – адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.
Тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Бұл іске қоғам болып атсалысқанда ғана тұрақты нәтиже қалыптасады.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді тазарту, аулалар мен көшелерді ретке келтіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мұндай жұмыстардың маңызы – аумақты бір сәтке тазартуда емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуінде.
Әр адам өз ауласын таза ұстап, көшеге қоқыс тастамай, табиғатты ластамауға дағдыланса, тазалық күнделікті өмірдің қалыпты тәртібіне айналады. Сонымен бірге өскелең ұрпаққа тазалықты сақтау, табиғатты қорғау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау жөнінде дұрыс бағыт беру маңызды.
Г. Бақтиярова



