Бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпаққа аманат


     Табиғат – адамзаттың ең қымбат байлығы. Оны қорғау мен аялау – әрбір азаматтың парызы. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық қозғалысқа айналып отыр.
       Тазалық акцияларының басты мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Табиғатты қорғау әр адамның күнделікті өмір салтына айналғанда ғана нақты нәтиже болады. Қазіргі таңда көптеген азаматтар сенбіліктерге қатысып, ағаш отырғызуға, аулаларды көгалдандыруға және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға белсенді атсалысуда. Бұл – экологияны сақтауға қосылған нақты үлес әрі қоғамның бірлігі мен ұйымшылдығының көрінісі.
        Таза табиғат – халықтың денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы бір күндік шара емес, әр азаматтың тұрақты өмірлік ұстанымына айналуы қажет. Болашақ ұрпаққа көрікті де таза ел қалдыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сандуғаш Бәйсеңгірова, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT