«Бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпаққа аманат болып жалғасады»

  Табиғат – бізге атадан қалған мұра ғана емес, келешек ұрпаққа табыстайтын аманат.

Сондықтан бүгін қоршаған ортаға қалай қарайтынымыз – ертеңгі ұрпақтың қандай ортада өмір сүретініне тікелей әсер етеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді. 2026 жылдың алғашқы жеті айында акция аясында ел бойынша 6,1 млн адам қатысқан 500 экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.

       Меніңше, ең маңыздысы – сенбілік кезінде тазалық жасап қана қоймай, сол тазалықты кейін де сақтай білу. Өйткені табиғатты аялау – бір күндік міндет емес, ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

 

                                    Мейрамбек Бәйсеңгіров, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT