Мен ұзақ жылдар шәкірт тәрбиеледім. Сонда байқағаным – табиғатты сүйетін бала, айналасындағы адамдарды да құрметтей біледі. Сондықтан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тәрбиелік мәні өте жоғары.
Бір түп ағаш отырғызу – жай ғана еңбек емес, болашаққа қалдырылған аманат. Бүгін егілген көшеттің саясында ертеңгі ұрпақ демалады. Бұл – уақытпен өлшенетін сауапты іс. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде атқарылып жатқан көгалдандыру жұмыстары туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. Осындай бастамалар үзілмесе, балаларымыз табиғатқа жанашыр болып өседі деп сенемін.
Шаттық Хамитова, Жылыой ауданы тұрғыны



