Балаларымыз таза әрі қауіпсіз ортада өсуі тиіс

Осы экологиялық акция басталғалы бері біздің ауламыз бен көшеміз айтарлықтай өзгерді.

Демалыс күндері көршілермен бірге тазалық жұмыстарына қатысып, ағаш көшеттерін отырғыздық. Мұндай шаралар тек қоршаған ортаны тазалауға ғана емес, тұрғындардың басын біріктіруге де үлкен септігін тигізеді. Өз өлкеміздің тазалығына өзіміз жауапты екенімізді түсінетін уақыт жетті. Мен бұл тамаша бастаманы толық қолдаймын және оның тұрақты жалғасын тапқанын қалаймын. Біздің балаларымыз таза әрі қауіпсіз ортада өсуі тиіс.

А.Қозыбай

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT