Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет.
Менің ойымша, ата-ана баланың тек материалдық қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оның тәрбиесі мен қауіпсіздігіне, білім алуына және дұрыс бағытта қалыптасуына да көңіл бөлуі керек.
Кейде ата-аналар жұмыстың, күнделікті тіршіліктің көптігіне байланысты баласына жеткілікті уақыт бөле алмай жатады. Алайда баланың тәрбиесін назардан тыс қалдыру оның мінез-құлқына және болашағына кері әсер етуі мүмкін.
Әсіресе кәмелетке толмаған баланың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін ата-ана бақылауда ұстағаны дұрыс. Баламен жиі сөйлесіп, оның мәселесін тыңдау да маңызды. Әр ата-ана өз жауапкершілігін терең түсінсе, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау – қоғамның болашағына бейжай қарамау деп есептеймін.
Есен Темірбаев
Қалалық әкімдіктің бас маманы



