Менің ойымша, авторлық құқықты бұзу — адамның еңбегін, шығармашылығын және құқығын құрметтемеу болып табылады. Әрбір шығарма, мысалы, кітап, музыка, сурет, бейне, ғылыми жұмыс немесе басқа да шығармашылық өнім белгілі бір адамның еңбегі арқылы жасалады. Сондықтан сол еңбектің авторын мойындау және оның құқығын қорғау өте маңызды.
Қазіргі заманда интернеттің дамуына байланысты авторлық құқықты бұзу жиі кездеседі. Кейбір адамдар басқа біреудің шығармасын рұқсатсыз көшіріп алады, өз атынан жариялайды немесе заңсыз пайдаланады. Мұндай әрекет автордың еңбегін бағаламауға және оның материалдық әрі моральдық құқығына зиян келтіруге әкеледі.
Авторлық құқықты қорғау шығармашылық адамдарды жаңа идеялар жасауға ынталандырады. Егер адамдардың еңбегі заңмен қорғалмаса, көптеген авторлар өз жұмыстарын дамытуға қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан авторлық құқықты сақтау — тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік міндет.
Жансұлу Алпысбаева
Жастар ресурстық орталығының маманы
Авторлық құқықты қорғау
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 14



