Адам өлтіру – қоғамдағы ең ауыр қылмыстардың бірі. Өйткені ол бір адамның өмірін қиып қана қоймай, оның отбасы мен жақындарына орны толмас қайғы әкеледі.
Әрбір адамның өмір сүруге құқығы бар, сондықтан мұндай қылмысқа ешқандай ақтау болмауы керек деп есептеймін. Адам өлтірудің алдын алу үшін жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, адамгершілік құндылықтарды насихаттау маңызды.
Заңды құрметтеп, өзара сыйластықты сақтаған жағдайда ғана мұндай ауыр қылмыстардың саны азаяды деп ойлаймын.
Думан Мұратұлы
Аудандық мешіттің бас имамы



