Ағаш отырғызу – қарапайым іс сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның мағынасы әлдеқайда терең. Бір көшетті жерге отырғызған адам тек ағаш емес, келешек ұрпаққа арналған сыйлық қалдырады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстары еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Әрбір егілген ағаш ауаны тазартады, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі және қалалардың көркін арттырады. Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Климаттың өзгеруі, ауа ластануы, жасыл желектің азаюы – адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі. Осындай жағдайда бір ағаш отырғызудың өзі үлкен игілікке айналады. Болашақ ұрпақтың бізге қандай баға беретіні бүгінгі ісімізге байланысты. Сондықтан табиғатты қорғауға бағытталған әрбір қадам – ертеңгі күнге қалдырылған жақсы мұра.
Аманжан Бекболатов, Жылыой ауданы тұрғыны



