Жаңа Конституцияда білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияның негізгі даму бағыты ретінде белгіленуі – өте маңызды өзгеріс. Бұл еліміздің болашағы табиғи байлықпен ғана емес, ең алдымен білімді әрі шығармашыл азаматтармен байланысты екенін көрсетеді. Мұндай басымдық жастардың білім алуға деген ынтасын арттырып, ел дамуына үлкен серпін береді.
Комиссияға Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Ал оның орынбасарлары болып Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тағайындалды. Комиссия отырыстарының ашық түрде өтіп, тікелей эфирде көрсетілуі қоғамдағы ашықтық пен жариялылық қағидаттарының сақталып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар заңгерлер, құқық қорғаушылар, депутаттар, қоғамдық белсенділер мен сарапшылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, жаңа Ата заң жобасын талқылауға белсенді қатысуда.
Болат Омаров, Жылыой ауданы тұрғыны


