Ата заң – әділетті қоғамның негізі

Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Менің ойымша, Ата заңға енгізілетін өзгерістер қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталуы тиіс. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғайтын басты құжат.

Бүгінде қоғам өзгеріп, уақыт талабы да жаңарып келеді. Сондықтан заңдар да заманға сай жетілдіріліп отыруы заңдылық. Конституциялық реформаның басты мақсаты – халықтың мүддесін қорғау, билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыру деп есептеймін. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдегі саяси жаңғырудың маңыздылығын атап өтіп, реформалардың халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы керектігін айтқан болатын. Сол себептен әр азамат бұл үдеріске бейжай қарамай, ел болашағы үшін қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарауы қажет деп ойлаймын. 

                             Қала тұрғыны
                         Орынжан Таңбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT