Алкогольге қарсымыз

Алкоголь – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, болашағына да кері әсер ететін зиянды әдет. Әсіресе жастардың ішімдікке әуестенуі – үлкен мәселе. Достар, өз болашағымызды ойлайық! Алкогольден аулақ болайық! Бос уақытымызды спортқа, білімге және пайдалы істерге арнайық. Бір сәттік қызығушылық үшін денсаулығымыз бен арманымызға зиян келтірмейік.

Салауатты өмір салтын таңдайық! Өзімізге де, жақындарымызға да жауапты болайық! Алкогольге жол жоқ!

Мәдина Қайратқызы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT