Алкогольдің қоғамға зияны

Алкоголь  тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесіне айналған құбылыс. Оны шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп қана қоймай, әлеуметтік тұрақтылыққа да кері әсер етеді.

Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар, жол-көлік оқиғалары, отбасылық жанжалдар  осының айқын дәлелі. Әсіресе, жасөспірімдер арасында алкогольге ерте әуестік олардың болашағына үлкен қауіп төндіреді.Сонымен қатар, алкогольге тәуелділік еңбек өнімділігін төмендетіп, экономикалық шығындарға әкеледі. Көптеген адамдар жұмысқа салғырт қарап, жауапкершілігін жоғалтады, бұл өз кезегінде қоғамның дамуына кедергі келтіреді. Отбасында да түсініспеушілік көбейіп, бала тәрбиесіне кері ықпал етеді.Осы себептерге байланысты алкогольді тұтыну мәселесіне бейжай қарауға болмайды. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн. Салауатты өмір салтын насихаттау  қоғамның болашағы үшін маңызды қадам.                     

 Илияс Абылаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT