Алкогольден бас тарт

Алкоголь адам денсаулығына ғана емес, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігіне де кері әсер етеді. Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының саны аз емес.

Алкоголь адамның ойлау қабілетін төмендетіп, дұрыс шешім қабылдауына кедергі келтіреді. Оның салдарынан отбасылық жанжалдар көбейіп, түрлі қайғылы жағдайлар орын алады. Сондықтан алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Денсаулық – адамға берілген ең үлкен байлық, сондықтан әрбір азамат өз өміріне жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн. Алкогольден бас тарту – өзіңе және жақындарыңа деген қамқорлықтың белгісі деп білемін.

Шамұрат Қалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT