Алкоголь – салдары ауыр әдет

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, жұмысына және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына да кері әсер етеді. Мас күйіндегі адамның әрекеті бақылаудан шығып, түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Алкогольдің кесірінен отбасында жанжал туындап, құқық бұзушылықтар орын алып, жол-көлік оқиғаларының қаупі де артады. Сондықтан әр адам өз денсаулығы мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты пайдалы өткізу және спортпен айналысу – зиянды әдеттерден алшақ болудың тиімді жолдары. Денсаулық пен отбасының тыныштығы кез келген әдеттен әлдеқайда қымбат.

Данияр Әбілов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT