Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасындағы қарым-қатынасқа да кері әсер етеді.
Кей жағдайда ішімдік салдарынан жанжал туындап, жол-көлік оқиғалары мен түрлі құқықбұзушылықтарға жол беріледі. Мұның зардабын адамның өзі ғана емес, жақындары да тартады.
Отбасының амандығы мен қоғамның қауіпсіздігі үшін әр адам өз әрекетіне жауап бере білуі керек. Жастарға ішімдіктің зиянын түсіндіріп, бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасау маңызды. Салауатты өмір салтын таңдау – адамның өзіне және отбасына деген жауапкершілігі.
М.Қожахметов




