Алкогольді шамадан тыс тұтыну қоғамға үлкен зиянын тигізетін өзекті мәселелердің бірі. Ол отбасылық жанжалдардың көбеюіне, құқықбұзушылықтар мен түрлі келеңсіз жағдайлардың орын алуына себеп болады.
Ішімдікке тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның айналасындағы адамдарға, әсіресе отбасы мен балалар тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Көптеген жол-көлік оқиғалары мен қоғамдық тәртіптің бұзылуы да алкогольдің салдарынан туындайды.
Сондықтан қоғам болып салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу — баршамызға ортақ міндет.
Самат Талгатов


