Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ол жүйке жүйесіне, жүрек пен бауырға кері әсер етіп, түрлі аурулардың пайда болуына себеп болады.
Сонымен қатар алкоголь адам санасының бақылауын әлсіретіп, жол-көлік оқиғаларына, құқық бұзушылықтарға және отбасылық жанжалдарға алып келуі мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болған жөн.
Денсаулық – адамға берілген ең үлкен байлық. Оны сақтау әркімнің өз қолында.
Қаламқас Әлиқызы



