АЛКОГОЛЬ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ҒАНА ЕМЕС, ҚОҒАМҒА ДА ЗИЯН

Алкогольді шамадан тыс тұтыну – адамның денсаулығына кері әсер ететін және отбасылық, әлеуметтік мәселелерге себеп болуы мүмкін өзекті мәселе.

Ішімдікке тәуелділік адамның еңбекке қабілетіне, қарым-қатынасына және күнделікті өміріне кері ықпал етеді. Кей жағдайда алкогольдің әсерінен жанжал, құқық бұзушылық және жол-көлік оқиғалары орын алып жатады.

Бұл мәселенің алдын алу үшін ең алдымен салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды. Әсіресе жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен, шығармашылықпен және пайдалы істермен айналысуына жағдай жасау қажет. Отбасы мен жақындардың қолдауы да адамның зиянды әдеттен аулақ болуына ықпал етеді.

 

Салауат Сахбиденов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT